Вопрос/Ответ

Микрокредит алу үшін қандай шарттарды сақтау қажет?

Егер Сіз:

  • Қазақстан азаматы болсаңыз
  • Сіздің мобилді телефоныңыздың нөмірі активті болса
  • Сіз сайтта тіркеуден өтсеңіз және сіздің өтініміңіз мақұлданса, Сіз микрокредит ресімдей аласыз

Микрокредит ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет болады?

Микрокредит алу үшін жеке куәлік немесе паспорт жеткілікті.

«QuickMoney»-ден мен қандай сома ала аламын?

Сіз 25 000-нан 153 000 теңгеге дейін ала аласыз.

Өтінімді қай уақытта жолдап, ақшаны ала аламын?

Өтінімді сіз өзіңізге қолайлы кез келген уақытта жолдай аласыз, бірақ өтінімді қарау және ол бойынша жауап беру компанияның жұмыс уақытында жүзеге асырылатын болады.

Микрокредитті алу үшін не істеу қажет, бұл қаншалықты күрделі?

Микрокредитті ресімдеу өте оңай — сіз қажетті ақпаратты керекті соманы алуғца онлайн-өтінімге енгізесіз, сонсоң ақша алудың өзіңізге ыңғайлы нұсқасын таңдап, шартқа қол қоясыз. Сайтқа тіркелген сәттен бастап ақшаның банк картасына не болмаса сіздің картаңыздың IBAN шотына түскенге дейін орта есеппен 10-15 минут кетеді.

Егер телефонға СМС-код келмесе, не істеу керек?

Егер 5 минуттың ішінде СМС-код келмесе, өтінім нысанындағы «кодты қайтадан алыңыз» опциясын пайдалану қажет. Проблеме қайталанған жағдайда өз телефон нөміріңізді көрсетіп бізге support@quickmoney.kz-ке хабарлаңыз, немесе бізге мына көрсетілген нөмірге хабарласыңыз +7 707 507 77 01.

Маған микрокредитті мақұлдады, ақша қашан түседі?

Ақша қаражаттарын аудару 10 минуттың ішінде жүзеге асырылады, бірақ сіздің банктің жұмысына қарай ақшаның түсу уақыты 5 банк күніне дейін уақыт алуы мүмкін.

Мен бірінші микрокредитті төлеген жоқпын, маған екіншісін мақұлдай ма?

Бірнеше микрокредитті ресімдеу мүмкін емес.

Мен «QuickMoney»-де ресімделген өз микрокредитімді өтедім, келесі микрокредиттер үшін маған лимитті ұлғайта ма?

Микрокредитті уақтылы төлеген жағдайда, қайтадан жүгінген кезде микрокредиттің ең көп сомасы ұлғаяды. Жаңа микрокредитті сіз алдыңғыны өтегеннен кейін бірден ала аласыз.

Менің микрокредитім мақұлданғанын қалай білемін?

Бұл ақпарат сайттағы сіздің жеке кабинетіңізде болады. Сіз оны микрокредитке өтінімді жолдағаннан кейін 20-30 минутта көресіз. Мақұлдауды алғаннан кейін сіздің СМС-тің көмегімен шартқа қол қоюыңыз қажет болады.

Маған микрокредитті мақұлдады, бірақ ақша есеп шотыма келмеді, неліктен?l

«QuickMoney» керекті соманы сіздің есеп шотыңызға сіз шартқа қол қоя салысымен бірден жолдайды. Ақшаны есептеу жылдамдығы сіздің есеп шотыңыз тиесілі банкке байланысты: ірі банктердің көпшілігі есептеуді бірнеше секундтан бастап он минутқа дейінгі аралықта жүзеге асырады. Өте сирек жағдайда бұл 3-5 күнді алады. Егер ақша сіздің есеп шотыңызға микрокредитті ресімдеген күні немесе бірнеше күн кеш түссе, бізбен хабарласыңыз.

Мен деректемелерімде қателік жібердім, жағдайды қалай түзетемін?

Өкінішке орай, қателік банк сізге ақшаны аудара алмауына әкеп соқтырады, өйткені шоттың нөмірі сіздің жеке куәлігіңіздің деректерімен сәйкес келмейді. Деректемелерді енгізген кезде өте мұқият болыңыз! Мұндай қателік болған жағдайда алушы банк ақшаны 14 жұмыс күнінің ішінде қайтарып береді. Қайтарып бергеннен кейін сіздің микрокредитіңіз жойылады, ешқандай проценттер немесе айыппұлдар есептелмейді, сіз оны дұрыс деректемелерге қайтадан ресімдей аласыз.

Мен микрокредит алудан айнып қалдым, өз өтінімімнің күшін жоя аламын ба?

Егер сіз әлі шартқа қол қойған жоқсыз, өтінімнің күшін жоюға болады, егер де шартқа қол қойсаңыз, өкінішке орай, оның күшін жоюға болмайды, өйткені ақшаны біз мезетте аударамыз. Шартқа қол қойғанға дейін кез келген кезеңде өз сұранысыңыздың күшін жою үшін support@quickmoney.kz-ке жазыңыз. Егер ақша жолданып қойса, бас тарту мүмкін болмайды, тек микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуге болады. Төленетін дәл соманы жеке кабинеттен немесе +7 707 507 77 01 нөміріне қоңырау шалып біле аласыз.

Ақшалай микрокредитті алудың қандай нұсқалары бар?

Екі нұсқасы бар: керекті соманы өз банк шотыңызға немесе банк картаңызға есептеу.

Сома менің шотыма бірнеше күн кешігіп келді, осы күндер үшін мен проценттер төлеуге тиіспін бе?

Сирек жағдайларда шынымен іркілістер болады, әдетте ақша картаға мезетте келеді. Егер ақша кешігіп түссе — біздің почтамызға банк көшірмесін жолдаңыз

Өтінім мақұлданғаннан кейін ақшаның түсуін қанша күтемін?

«QuickMoney» шартқа қол қойылғаннан кейін сізге ақшаны бірнеше минуттан кейін аударады. Шотқа сома жұмыс күндері сағат 9:00- ден 19:00-ға дейін 30 минуттың ішінде түседі.

Егер менде микрокредит немесе басқа ұйымда кредит бар болса, «QuickMoney»-ден микрокредит ала аламын ба?

Иә, егер сіз өз кредиттеріңізді уақтылы төлесеңіз және сіздің табысыңыз сізге бірнеше микрокредитті төлеуге мүмкіндік берсе, ала аласыз.

Маған микрокредитті мақұлдамады, не істеймін?

Егер Сіз барлық көрсетілген талаптарға (жасыңыз 25-те, Қазақстан азаматысыз) сәйкес келсеңіз, өтінімді қайта толтыруға және өңдеуге жолдауға әрекеттеніп көріңіз. Не болмаса бірнеше күн күтіп, сауалнаманы қайта жолдай аласыз!